Өңірлер

Ингушетияның алғашқы президенті СҚО-дағы мектебін қамқорлыққа алды

© Sputnik / Алексей Куденко / Медиабанкке өтуМектеп
Мектеп - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Туған жерге тағзым" жобасы аясында 1,3 млрд теңге тартылған

АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов "Туған жерге тағзым" республикалық жобасы аясында өңірлерде атқарылып жатқан шараларға тоқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында жергілікті бизнесмендерді өзі туып-өскен ауылға көмек көрсетуге белсенді тартып жатырмыз. "Туған жерге тағзым" республикалық жобасы аясында 126 іс-шара өткізіліп, 1,3 млрд теңге тартылды. Бұл негізінен білім, медицина, спорт, мәдениет, әлеуметтік қорғау саасындағы жобалар", — деді облыс әкімі ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Құмар Ақсақалов кіндік қаны тамған ауылына жан-жақты көмек көрсетіп, белсенділік танытып жүрген қайырымды кәсіпкерлерді атады.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
СҚО әкімі басқарма басшысының парамен ұсталуына қатысты түсініктеме берді

"Мәселен, Тайынша ауданындағы Ильичевка ауылының тумасы Сайран Жақыпов медицина орталығын салып, ауыл тұрғындарына сыйға тартты. Бұл ауылдағы медицина орталығы апатты жағдайда тұрған болатын. Біздің танымал жерлесіміз, Кеңес Одағының батыры, Ингушетияның алғашқы президенті Руслан Аушев өзі оқыған №1 Саумалкөл мектебін қамқорлыққа алды. Сондай-ақ, Аққайың ауданында "Дайындық агро" ЖШС директоры Біржан Шаймерденов туған ауылына үлкен көмек көрсетті. Барлық үйді орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосып, медициналық пункт салды, жолдарды жөндеді. Ауылдастарына үш үй тұрғызып берді", — деді облыс басшысы. 

Сонымен қатар, "Тайынша астық" ЖШС директоры Анатолий Рафальский мәдениет үйлері мен мектептерге көмектесіп жүргенін атап өтті. Ал "Ноғайбай" ЖШС директоры Алтынбек Сапаров өз ауылына су тартып, жастарға арналған ойын-сауық орталығын салған. Бұған қоса, ауылдағы барлық көшені жарықтандырған. 

"Тимирязев ауданына қарасты Мичурин ауылында биыл отбасыларға арналған жатақхана құрылысы жоспарланып отыр. Оған Серік Айтхожин деген кісі бастамашы болды. Ақжар ауданындағы Талшық ауылында осы ауылдан шыққан кәсіпкер Абдол Құсайынов екі қабатты 12 пәтерлі үй салмақ. Бұған 81 млн теңге жұмсалады", — деді Ақсақалов.

Жаңалықтар
0