06:05 22 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.87
  • EUR432.52
  • RUB6.11
Қолына кісен салынған адамның архивтегі фотосы

ШҚО-да бауырын қорғаймын деп адам өлтірген полицей 15 жылға сотталды

© AP Photo / Martin Mejia
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
563 0 0

Катонқарағайлық полицей екі адамға оқ атқан, оның бірі ауыр жарақат алып, екіншісі көз жұмған

АСТАНА, 5 мамыр — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында бауырын қорғаймын деп екі адамға оқ атқан полицейге қатысты сот үкімі шығарылды, деп жазды altaynews.kz. 

Естеріңізге сала кетсек, гангстерлік сюжетте өрбіген бұл оқиға сәуір айының бас кезінде Катонқарағай ауданының Үлкен Нарын ауылында болды. Оқ атқан екі адамның бірі ауыр жарақат алып, екіншісі көз жұмған болатын. Бұған дейін адам өліміне қатысты сот ісі қаралып, үкім шығарылып қойған.

Екінші сәуір күні Марат М. қызметіне кіріскен еді. Күндіз бауыры хабарласып, бірнеше ер адам жабылып, оны соққыға жыққанын айтады. Олардың бірі қазір техникалық байқау стансасында жүргенін естіген Марат М. бауырын ертіп, табельді  "Макаров" қаруын алып, жеке көлігімен межелі жерге барады.

Оқиға орнында екі жақтың арасында жанжал туады. Қарсыластарына тойтарыс беремін деген оймен Марат М. ауаға оқ атқан. Ал бұл әрекетке жауап ретінде қарсыластарының бірі аңшылық шолақ мылтықты оның бауырына кезейді. Ендігі кезекте Марат М. қарулы жәбіршінің озбырлығын тура атылған оқпен тоқтатады. Дегенмен, жараланған ер адам полицейдің бауырын да аяғынан жарақаттап үлгеріпті.

Сотта қаралған материалдар бойынша Марат М. Қылмыстық кодекстің 112-бабының 1-бөлімі (Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде жасалған, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша кінәлі деп табылып, бұрын тағайындалған жазаға қосымша сегіз ай қосылып отыр. ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімін есепке алғанда, барлығы 15 жыл және 7 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Заңды белден басқан полиция қызметкері жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейтін болады. Сондай-ақ, сот жәбірлеушіден жәбірленушіге айналған ер адамның пайдасына 500 000 теңге көлемінде моральдық залалды өндіру туралы шешім қабылдады.


Загрузка...

Басты тақырып