22:00 20 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.80
  • EUR429.27
  • RUB5.78
төбелес

Қостанайда әйелдер жасөспірім балалармен төбелесті

CC0 / Pavlofox
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
902 0 0

Желіде әйелдер мен жасөспірім балалар арасында болған төбелестің видеосы тарады

АСТАНА, 7 мамыр — Sputnik. Қостанай облысының полициясы ойын алаңында әйелдер мен жасөспірім балалар арасында болған төбелестің видеосын тексеріп жатыр.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, оқиға 6 мамырда болған. Бір топ жасөспірім бала трюктерге арналған алаңқайда велосипед теппекші болады. Бірақ ол жерде кішкентай балалар ойнап жүрген. Сондықтан жасөспірімдердің бұл әрекеті олардың аналарының ашуына тигенге ұқсайды. 

Видеодан бірнеше әйелдің жасөспірімнен алаңқайдан кетуді талап етіп жатқанын көруге болады. Салғыласып тұрған балаға әйелдер жұдырықпен тап берген. Жасөспірім де қарап қалған жоқ. Полиция қазір бұл видеоны тексеріп жатыр.

 

 

 

Загрузка...

Басты тақырып