01:00 19 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.98
  • EUR434.01
  • RUB6.10
Пара

45 мың теңге пара алған департамент қызметкеріне 2,7 млн теңге айыппұл салынды

© Sputnik /
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
156 0 0

ТЖД қызметкері капитан шенінен айырылып, мемлекеттік қызметтен шеттетілді

АСТАНА, 10 мамыр  — Sputnik. Өскеменде бұрынғы азаматтық қорғау капитаны өртке қарсы тексеріс жүргізбеу үшін ақша сұрап, қылмыс үстінде ұсталды, деп хабарлайды YK-news.kz.

ШҚО ТЖД диспетчер пультіне Өскеменде тауар вагонының жанып жатқаны туралы хабар түсті. Қолданыстан шығарылған вагон қосалқы үй-жай ретінде пайдаланылған.

Оқиға орнына сол күні кезекшілікте болған ТЖД аға инженерімен бірге өрт сөндірушілер келді. Тексеріс кезінде тілсіз жауға өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы себеп болғаны анықталды, делінген № 2 соттың материалдарында. 

ТЖД қызметкері нысан иесіне әкімшілік хаттама толтыратынын, ал вагон тұрған база тұрақты тексеруге алынатынын айтқан. Кәсіпкерге бұл ұнамаған, сонда аға инженер 45 мың теңгемен істі "жабуды" ұсынған. Бизнесмен келіскенмен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке арызданған. Сол күні инженер пара алып жатқан жерінен ұсталды. 

Өскемен № 2 соты баспасөз қызметінің мәліметінше, прокурор мен күдікті арасындағы процессуалды келісім негізінде айыпталушыға 2 700 000 теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ инженер "ШҚО бойынша ТЖД" ММ азаматтық қорғау капитаны шенінен айырылып, мемлекеттік қызметтен біржола шеттетілді. 

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Кілт сөздер:
айыппұл, пара, Өскемен
Загрузка...

Басты тақырып