00:21 23 Шілде 2019
Тікелей эфир
  • USD384.52
  • EUR431.32
  • RUB6.10
Қару. Архивтегі фото

Оралда ата-анасын күйеуі атып кеткен әйел оқиғаның қалай болғанын айтты

© Foto : ДВД Алматы
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
394 0 0

Бұрынғы ата-енесіне оқ атқан Рустам Давлетшин еш жерде жұмыс істемеген, мүгедектігіне байланысты тіркеуде тұрған

АСТАНА, 11 мамыр – Sputnik. Оралда бұрынғы күйеу баласының қолынан қаза болған зейнеткердің қызы Надия Давлетшина "Мой ГОРОД" порталына оқиғаның қалай болғанын айтып берді.    

 Надияның сөзіне қарағанда, күйеуі Рустам Давлетшинмен 8 жылдан бері бірге тұрмайды. 

"Біз бірге тұрмаймыз, еш сөзге келмей айырылысып кеткенбіз. Тойдан кейін бір жылдан соң Оралдағы ата-анаммен тұра бастадым, Рустам Ақсайда анасымен қалды. Ортақ баламыз бар, Ильдар 8 жасқа толды. Олардың қарым-қатынасына кедергі болған емеспін, ол ұлын демалыстарда алып кетіп жүрді. Алайда соңғы рет кезекті каникулдан кейін оны ұрлап әкетті, ұлымды үш аптадан кейін әрең қайтардық. Ол мектепте бәрібір ештеңе үйретпейтіндіктен осындай қадамға барғанын айтты",- дейді Надия.

Келіншек қайғылы жағдай болады деп мүлде ойламағанын айтады.  

"Әдеттегідей үйде жиналдық. Кешке қарай біреу есіктің қоңырауын басты. Анам ашуға кеткен еді. Ол ештеңе айтып үлгермеді, қарудың тарс еткен дауысы шықты. Бәріміз есікке қарай жүгірдік, анам қансырап жатты. Ал бұрынғы күйеуім қаруды әкеме кезеніп, тағы да атты. Ұлымды алып әжетханаға тығылдым. Зәре-құтым қалмаған, өлі тыныштық, біраз уақыттан кейін сығалап қарап едім, әкемнің ішкі органдары ақтарылып қалғанын байқадым. Соған қарамастан есікті құлыптап тастапты, – деп жылады Надия. – Мен байбалам салып, жедел жәрдем мен полиция шақырдым. Ұлым қалшылдап кетті, бәрі оның көз алдында болды. Осыдан кейін бұрынғы күйеуім қаруды қойып, біреумен телефон арқылы сөйлесіп, кетіп қалғанын көршілерден естідім".  

"Ол ұлымызды алып кетуге келген сияқты. Өйткені есіктің жанына баланың киім-кешегі мен пышақ салынған сөмкені қалдырып кетіпті. Неге олай істегенін білмеймін, кеше соттың шешімімен ресми түрде ажырастық, екі жақтың келісімі болды. Рас, ол сот отырысына келмеді", — деп толықтырды ол.

Надияның айтуынша, оның бұрынғы күйеуі біраз уақыттан кейін ұсталған. 

"Енді ол түрмеден ешқашан шықпауы үшін барынша қатаң жазаланғанын қалаймын, — дейді келіншек.

Айта кетейік, Рустам Давлетшин еш жерде жұмыс істемеген және мүгедектігіне байланысты тіркеуде тұрған.   

Естеріңізге сала кетейік, 10 мамыр күні сағат 20.00 шамасында ер адам бұрынғы әйелінің ата-анасын атып тастаған болатын. Әйел сол жерде жан тапсырды. Ер адам ауруханаға жатқызылды. Оған 6 сағат бойы ота жасалды, қазір ауыр халде жатыр.  


Загрузка...

Басты тақырып