Өңірлер

Алматыда жол апаты жиі болатын көшелер анықталды

© SputnikАлматыдағы жол апаты, архивтегі сурет
Алматыдағы жол апаты, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда жол апатының саны жағынан өңірлер арасында Алматы қаласы көш басында

АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Алматы полициясы қалада жол-көлік оқиғасы жиі болатын 6 учаскені анықтады. Қауіпті көшелердің көшін Сүйінбай мен Райымбек даңғылының қиылысы бастап тұр, деп хабарлайды "Алматы" арнасы.

Былтыр Сүйінбай-Райымбек даңғылының қиылысында алғашқы төрт айдың ішінде 10 жол апаты болып, 12 адам жапа шеккен. Биыл жыл басынан бері 12 апат тіркеліп, 14 адам жарақаттанды. 

Ниссан и Дэу столкнулись на перекрестке - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматыда екі көлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті

Көлік апаты жиі болатын қиылыстардың тізбегін одан әрі Сайын көшесі мен Райымбек даңғылы жалғастырады. Бұған қоса, Сәтпаев, Жандосов, Манас көшелерінің қиылысы да жүргізушілер үшін қауіпті тұстардың қатарында. Ал, айналасы бейнебақылау камерасы толған Абай даңғылы мен Сайын көшесінде жол апатынан биыл 15 адам зардап шеккен. Сондай-ақ, Райымбек даңғылы мен Емцов көшесінің, Төле би мен Өтеген батыр көшесінің қиылысы да қауіпті аумақ саналады. Бұл жерде осы жылы екі адам ажал құшты.

Жергілікті полицейлердің мәліметінше, Алматыда жол-көлік оқиғасы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12 процентке көбейген. Мәселен, былтыр алғашқы төрт айда қалада 1300-ден астам көлік соқтығысса, биыл жол апатының саны 1500-ден асып кеткен. 

"Негізгі жол апатына жүргізушілердің маневр жасауы, бір-біріне жол бермеуі, жылдамдықты асыруы себеп. Тіпті кейбірі қиылыстарда қызылға өтіп кетеді. Бізде видеофиксация да бар. Барлығы орнатылған. Бірақ  жүргізушілердің немесе жаяу жүргіншілердің жол ережесін сақтамауынан қайғылы оқиғалар болып жатады. Сондықтан біз жылдамдықты 60 шақырымнан 40-қа ауыстыруды жоспарлап отырмыз", — деді  Алматы қаласы ІІД әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұратәлиев.

Төле би және Шәріпов көшелері қиылысында екі көлік соқтығысты - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда жол апатынан екі адам зардап шекті

Қауіпті қиылыстарда жылдамдықты азайту әзірге тек жоспар ғана. Дегенмен, жол сақшылары сол жерлерге патрульдік полиция қызметкерлерін кезекшілікке қойып, тас жолдағы тәртіпті қатаң бақылауға шықпақ. Сондай-ақ жолды көлденең кесіп өтетіндерді де тезге салмақ. Өйткені, жол апатының орын алуына жаяу жүргіншілерде көп жағдайда себепші болады екен. Былтыр жүргізушілер көшеде 721 адамды қақса, оның тек 107-сі ғана тиісті жолақтан өткен.


Жаңалықтар
0