Өңірлер

ОҚО-да қырыққабат сатушы қызды кімдер ұрлап кеткені белгілі болды

CC0 / Narcis Ciocan / Ер мен әйел
Ер мен әйел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жұрттың көз алдында ұрланған қыз тұрмысқа шыққан, ол ешкімге шағымданбаған

АСТАНА, 14 мамыр — Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысы құқық қорғау органдарының қызметкерлері қырыққабат сатушы қызды ұрлап әкеткендерді іздеп тапты.   

Бұған дейін әлеуметтік желілерде бірнеше жігіт қырыққабат тиелген жүк көлігінің тіркемесінен қызды түсіріп алып, өз көлігіне мінгізіп жатқаны жайлы видео жарияланған болатын.

 

 

Полицияның мәліметінше, роликтің барлық кейіпкері ОҚО-да тұрады.

"Қыз бен оның ата-анасының ешкімге шағымы жоқ. Қазіргі таңда қыз тұрмысқа шыққан", — деп хабарлады ОҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының мамандары.  

Ал қалыңдықтың туыстары видеороликті таратушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау органдарына арыз түсірмекші.  


Жаңалықтар
0