22:42 25 Мамыр 2018
Тікелей эфир
Қыз

Атырауда әжетханаға кетіп жоғалған қыз Қызылордадан табылды

CC0
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
1140 0 0

Қыз Қызылордаға жігітімен кетіп қалған, 6 күннен соң ата-анасымен хабарласып, жағдайы жақсы екенін жеткізген

АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Үйден әжетханаға кетіп із-түзсіз жоғалған 18 жастағы Алина Құрманәлиева Қызылордадан табылды, деп хабарлады "Мой город". 

Атыраулық полицейлер қызды алып кеткен автокөлікті ұялы телефонның сигналы арқылы анықтаған. Олар жедел іс-шаралар басталғаннан кейін алты күн өткен соң көлік иесінің соңына түсті. Көлік Қызылорда облысына бара жатқан болып шықты. Қос өңірдің полицейлері жұмыла іске кірісіп, қызды іздеп тапты.  

"Сіңлім Алина жоғалған кезде бізбен бірге уайымдаған жандардың барлығына үлкен алғыс білдіремін. Жақсы жаңалығым бар – оны Құрманғазы ауданының полицейлері аман-есен тапты. Қолдау көрсетіп, жылы сөзін аямаған ағайынға көп рахмет", — деп жазды әлеуметтік желіде Алинаның әпкесі Мира Құрманәлиева.

Жоғалған қыздың туыстарының сөзінше, ол Қызылордаға жігітімен кеткен, ата-анасы іздеу салғаннан кейін 6 күн өткен соң туыстарымен хабарласып, жағдайы жақсы екенін айтыпты. 

Қыз 2018 жылдың 5 мамырында жоғалды. Ол Ганюшкино ауылындағы үйдің ауласында орналасқан әжетханаға шығып кетіп, қайтып оралмаған. Алина қайтып келмеген соң, анасы іздеп шықққан, алайда оны әжетханадан да, үйдің ауласынан да таба алмаған, есік жабық болған. 

Кейінірек такси жүргізушілерінің тұрағынан қыздың жеке куәлігі табылды. Содан кейін ата-анасы Құрманғазы ауданы ішкі істер бөліміне арыз түсірген.


Басты тақырыптар