05:21 18 Шілде 2018
Тікелей эфир
  • USD343.06
  • EUR402.38
  • RUB5.49
Алматы маңындағы тау бөктерінде ресейлік әйел аяғын сындырып алды

Алматы маңындағы тау бөктерінде аяғын сындырған ресейлік әйел құтқарылды

© Foto : предоставлено КЧС МВД РК
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
10 0 0

Құтқарушылар туристерге тауға жалғыз шықпауды ескертті

АСТАНА, 15 мамыр — Sputnik. Ресей азаматшасы Ақсай шатқалында саяхаттап жүріп аяғын сындырып алды, деп хабарлайды Қазақстанның төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті баспасөз қызметі.

12 мамырда Ресей азаматшасы құтқарушыларға хабарласып, көмек сұраған. Әйел адам аяғын сындырып алып, тау етегіне өз бетімен түсе алмапты. Оқиға орнына дәрігерлер мен құтқарушылар жіберілді.

  • Алматы маңындағы тау бөктерінде ресейлік әйел аяғын сындырып алды
    Алматы маңындағы тау бөктерінде ресейлік әйел аяғын сындырып алды
    © Foto : предоставлено КЧС МВД РК
  • Алматы маңындағы тау бөктерінде ресейлік әйел аяғын сындырып алды
    Алматы маңындағы тау бөктерінде ресейлік әйел аяғын сындырып алды
    © Foto : предоставлено КЧС МВД РК
1 / 2
© Foto : предоставлено КЧС МВД РК
Алматы маңындағы тау бөктерінде ресейлік әйел аяғын сындырып алды

"Жедел топ зардап шегушіге аттанып, фельдшер-медбике алғашқы көмек көрсетті. Содан соң құтқарушылар әйел адамды зембілге салып түсіріп, таудың етегінде күтіп тұрған Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне тапсырды", — делінген хабарламада.

Құтқарушылар азаматтарға тауға жалғыз шығуға болмайтынын ескертіп, бағдар жайлы туыстарын хабардар етуге кеңес береді. Ыңғайлы аяқ киім киіп, әр қадамды аңдап басқан жөн. Төтенше оқиға болған жағдайда 112 нөміріне хабарласу керек.

Кілт сөздер:
аяғын сындырды, ресейлік әйел, Ақсай шатқалы, Алматы

Басты тақырыптар