01:20 25 Мамыр 2018
Тікелей эфир
Бақылау пункті, архив сурет

Алматы облысындағы бақылау пункті жүргізушілерден заңсыз алым-салық алған

© Sputnik / Кирилл Каллиников
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
19 0 0

Жүргізушілерден заңсыз ақша талап еткен бақылау пункті орнында қазір полиция кезекшілікте тұр

АСТАНА, 15 мамыр — Sputnik. Алматыда кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесі отырысында Алматы-Ташкент жолындағы заңсыз бақылау пунктіне қатысты оқиға талқыланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сәуірде пайда болған ақпаратқа сәйкес, белгісіз тұлғалар Алматы – Ташкент жолындағы Үшқоңыр автобекеті маңындағы бақылау-өткізу пунктін қолға алып, тасымалдаушылардан алым-салық талап еткен. Жүргізушілер төлеуден бас тартса, автобусты тұраққа қойып, жолаушыларды түсірген. Адамдар Алматыға өз беттерімен жетуге мәжбүр болған.

Алматы облысы ішкі істер департаменті басшысының орынбасары Нұржан Алмасбеков оқиғаға қатысты пікір білдірді. Оның мәліметінше, 20 сәуірден бері "Үшқоңыр" автобекетінде автобустардың тоқтатылу жайты тіркелмеген.

"Автобустардың "Үшқоңыр" автотұрағына заңсыз қойылғаны рас. 19 сәуірде өзім барып қайттым. Заңсыз әрекет жасаған тұлғаларды анықтадық. Екеуін әкімшілік жауапкершілікке тарттық. Осы дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалған", — дейді полицей.

Ол ахуалдың бақылауға алынғанын мәлімдеді. Түнде пункт орнында полицейлер кезекшілік етеді екен.

Соған қарамастан, Алматы кәсіпкерлер палатасы жанындағы кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесінің төрағасы Юрий Тілеумұратовтың айтуынша, проблема толыққанды шешілмеген көрінеді.

"Қарасай ауданында сол бағдар бойынша жаңа тасымалдаушы пайда болса таңғалмаспын. Рейдерлік тартып алу болып жатқанға ұқсайды. Сол себепті ішкі істер органдарынан сұрайтыным, бұл мәселені заң тәртібін бұзушылық тұрғысынан ғана емес, рейдерлік тартып алу бойынша да қарастырыңыздар. Бөгде біреулер тасымалдаушыны бағдардан бас тартуға мәжбүрлеген. Бұл мәселенің түбіне жету керек", — дейді ол.

"Сайран" автовокзалының заңгері Назира Сайханованың айтуынша, тасымалдаушы Алматы — Ташкент халықаралық автобус рейсінен бас тартып, инвестициялар және даму министрлігіне хабар берген екен.

Кілт сөздер:
заңсыз бақылау пункті, Алматы облысы

Басты тақырыптар