00:38 18 Қазан 2018
Тікелей эфир
  • USD363.26
  • EUR420.11
  • RUB5.54
Оқушы қыз

Екібастұздағы лифтіде педофил қаршадай қызды зорламақ болды

© Sputnik / Табылды Кадырбеков
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
138 0 0

Қазір полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр

АСТАНА, 16 мамыр — Sputnik. Павлодар облысында 12 жасар қызға азғындық жасамақ болған ер адам құрықталды. 39 жастағы күдікті оқушыны лифт ішінде зорламақ болған, деп хабарлайды КТК.

Оқиға тапа тал түсте Екібастұздағы тұрғын үйлердің бірінде болған. Бейнебақылау камерасына түсіп қалған кадрларда мектептен қайтып келе жатқан оқушы қызды аңдыған күдікті оның соңынан подъезге бірге еріп кіреді. Лифт ішінде қызды шешіндірмек болып, қол жүгірткен. Есік ашылған сәтте қашып құтылған жасөспірім болған жайтты анасына айтып беріпті. Ал күдікті оқиға орнынан қашып кеткен.

Полицейлер көп ұзамай 39 жастағы екібастұздықты қолға түсірді. 

"Кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаға азғындық әрекет жасауға тырысты деген күдікпен 39 жастағы ер адам ұсталды. Қазір осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды. Ал күдікті уақытша ұстау абақтысында отыр", — деп мәлімет берді Павлодар облысы ІІД баспасөз хатшысы Баян Мағзұмова.

Кілт сөздер:
зорламақ болды, жасөспірім қыз, педофил, Екібастұз, Павлодар облысы
Загрузка...

Басты тақырыптар