22:24 25 Мамыр 2018
Тікелей эфир
ЖЭС

Алматыда ауаның ластануы жыл сайын ұлғайып барады

© Sputnik / Сергей Пятаков
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
11 0 0

Экологтар атмосфераға бөлінетін зиянды заттардың мөлшері туралы мәлімет берді

АСТАНА, 16 мамыр — Sputnik. Алматыдағы басты экологиялық проблема – ауаның ластануы. Атмосфераға зиян қайдан келетіні туралы "Зеленое спасение" экологиялық қоғамы айтып берді.

"Қазгидромет" РМК мәліметіне сүйенсек, "Атмосфераның ластану индексі" бойынша 2017 жылы Алматыдағы ауаның ластану деңгейі көтеріңкі болған, ал 2018 жылдың алғашқы үш айында – жоғары деңгейде. 

"Атмосфераны ластайтын көздерді негізінен үш топқа бөлуге болады: өнеркәсіп орындары, көлік және жеке сектор. Бұл топтардың ауаны қаншалықты ластайтыны туралы нақты дерек әлі жоқ", — делінген қоғам сайтында.

Ауаға бөлінетін зияндық қалдықтар туралы нақты деректерді стационарлық көздерден алуға болады (мұржалар, вентиляция шахталары және тағы басқалары). Алматы статистика департаментінің ақпараты бойынша, 2016 жылы стационарлық көздерден ауаға шығарылған зиянды заттар көлемі 38,8 мың тонна болған. 

"Шамамен есептелген деректер бойынша, көліктерден бөлінген зиянды қалдықтар көлемі жылына 190 мың тоннадан асады. Ал жеке тұрғын үйлерден шығатын түтіннің ауаны қаншалықты ластайтыны есептеуге келмейді", — деп хабарлады "Зеленое спасение".

Кілт сөздер:
экология, ауаның ластануы, Алматы

Басты тақырыптар