Өңірлер

Сайлыбаева: еліміздің солтүстігі мен орталығында үсік жүреді

© Sputnik / Из личного архиваЛаура Сайлыбаева
Лаура Сайлыбаева - Sputnik Қазақстан
Жазылу
17-19 мамырда Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс аудандарында ауа температурасы төмендеп, жаңбыр жауады
Погода в Казахстане 17-19 мая

"Қазақстанның батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында ауа райына төмен атмосфералық қысым ықпал етеді. Мұндай синоптикалық жағдайда бұл өңірлерде кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, батыс өңірлерде ауа температурасы климаттық нормадан жоғарылайды, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста – нормаға сәйкес. Республиканың солтүстік, орталық және шығыс өңірлеріне Батыс Сібірден арктикалық суық фронт келіп, күн суытады, жауын-шашын түсіп, оқтын-оқтын қар аралас жаңбыр жауады, ауа температурасы климаттық нормадан 2-4 градусқа төмен болады", — деп мәлімет берді "Қазгидромет" РМК инженер-синоптигі Лаура Сайлыбаева.

Астана мен Алматыдағы ауа райы туралы толығырақ аудиофайлдан тыңдаңыз.

Жаңалықтар
0