Өңірлер

Қарағандыда оқушы қыз жұмбақ жағдайда қаза болды

© Photo : Рixabayбойжеткен
бойжеткен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
18 жастағы оқушы қызды қаладан 100 шақырым жерде пойыз басып кеткен

АСТАНА, 19 мамыр — Sputnik. Қарағандыда сабақтан соң қала сыртына кетіп қалған оқушы қызды пойыз басып кетті, деп хабарлайды КТК арнасы. 

18 жастағы Венера Жақыпованы қаладан 100 шақырым жерде пойыз басып кеткен. Қаралы хабардан естіген мұғалімдердің айтуынша, оның тәртібі мен үлгерімі жақсы болған. Сынақ ретінде өтетін бірыңғай ұлттық тестілеуден де 100 балдан жоғары алып жүріпті.

қыздар, алкоголь - Sputnik Қазақстан
Оқиға
ШҚО-да ішімдік ішкен оқушы қыз комаға түсті

Сарыбел және Анар станцияларының арасында сағатына 100 шақырым жылдамдықен келе жатқан пойыз машинисі рельске шыққан адамды көргенде бәрі кеш болыпты. Тежегішті тартқанымен, тоқтай алмаған ауыр отарба Венера Жақыпованы басқан екен. Оқушы сол күні тіпті сабақтардың барлығына қатысып кеткен.

"Көз алдымызда өскен бала болғандықтан, әрине, бізге өте ыстық. Ол қыздың орны босап қалды деп айтсақ та болады. 11-сынып оқушыларының айтуынша оның көңіл-күйінің түсіп тұрғаны, бір нәрсеге өкпелеп тұрғандығын байқамадық дейді", — дейді № 93 гимназия директорының орынбасары Құралай Көбекова.

Венераның анасы осыдан 10 жыл бұрын қайтыс болыпты. Содан бері ол әкесі мен аға-жеңгесінің қолында өскен. Мұғалімдері олардың балаға берген тәрбиесіне сын айта алмаймыз дейді. Ал қыз суицидке барды ма, әлде бұл оқыстан болды ма, ол жағын полицейлер әзірге айта алмай отыр.

Телеарнаның хабарлауынша, енді олар "темір жол көлігі қозғалысы ережесінің бұзылуы" деген баппен іс қозғапты. Венераның сабақтан кейін қаладан 100 шақырым жерде не істеп жүргені де әзірге жұмбақ. Оның денесі бүгін жер қойнына тапсырылады.

 

 

Жаңалықтар
0