Өңірлер

Алматыда жүйке дертіне шалдыққан жігіт ағаштарды сындырып тастады

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтуСынған ағаш бұталары
Сынған ағаш бұталары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция мәліметінше, ұсталған ер адам психоневрологиялық диспансерде тіркеуде болуы мүмкін

АСТАНА, 21 мамыр — Sputnik. Алматыда ағаштарды бүлдірген ер адамды полицейлер ұстады.

Бұдан бұрын желіде пайда болған видеоға куәгер сынған ағаш бұталарын түсірген. Алматы ішкі істер департаменті күдіктінің ұсталғанын хабаралды.

"Алматы облысы Қаскелең қаласының 1991 жылы туған тұрғыны ұсталды. Оқиға өткен демалыста болған. Сол жерде орындықтарды да сындырмақ болыпты. Бастапқы деректер бойынша, ер адам облыстық психоневрологиялық диспансерде тіркелген. Қазір полиция бұл ақпаратты тексеріп жатыр. "Неге?" деген сұраққа ол ағаштар мен орындықтар "бөгет жасады" дейді, — деп мәлімет берді полицияның ресми өкілі Салтанат Әзірбек Sputnik Қазақстанға.

Аталмыш дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтар
0