Өңірлер

Алматыда жоғалып кеткен баланың денесі табылды

CC0 / / Бала
Бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бастапқы мәлімет бойынша, бала шұңқырға түсіп кеткен, денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ

АСТАНА, 22 мамыр — Sputnik. Алматыда жоғалып кеткен төрт жасар баланың денесі шұңқырдан табылды.

"Бес күн бойы іздестірілген баланың денесі Шаңырақ шағын ауданындағы жеке сектор маңында жуынды төгетін шұңқырдан табылды. Шұңқырдың тереңдігі, шамамен, 1,5-2 метр", — деп мәлімет берді Алматы ішкі істер департаменті.

Бастапқы деректер бойынша, бала тұншығып қалыпты. Денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ.

Төрт жасар Арсен Көмеков 17 мамырда жоғалып кеткен болатын. Оны іздеуге 100-ден астам полицей жұмылдырылды.

Жаңалықтар
0