Өңірлер

"Помогите деп айқайлады". Атыраудағы жантүршігерлік оқиға жайлы куәгерлер айтты

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуЛифт жабдығын жөндеу жұмыстары, архивтегі фото
Лифт жабдығын жөндеу жұмыстары, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
15-ші қабаттан лифт шахтасына құлап кеткен жасөспірімдер жабық тұрған жеделсатының есігін өздері ашқан

АСТАНА, 23 мамыр – Sputnik. Атырауда екі жасөспірім көпқабатты тұрғын үйдегі жеделсатының шахтасына түсіп кетіп, қаза тапқан болатын. Бірі оқиға орнында көз жұмса, екіншісі облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жан тапсырды. Қапыда көз жұмғандар жайлы куәгерлер айтып берді, деп хабарлады КТК.   

Бала терезенің жанында, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астанада үш жасар бала 16-қабаттан құлап кетті

 Оқиға 16 қабатты тұрғын үйде болды. 2003 жылы туған екі жасөспірім 15-ші қабаттағы жүк таситын жеделсатының шахтасына ойнап жүріп, абайсызда түсіп кеткен. Жеделсатының өзі 2012 жылы алынып тасталған, есігі жабық болған. Куәгерлердің айтуынша, қайтыс болған балалардың бірі осы үйде тұратын тумаларына қонаққа келген. Болжам бойынша, 15-ші қабатта жүрген  балалар жабық тұрған жеделсатының есігін өз беттерінше ашыпты. 

"Есікті ашсам, бір орыс келіншек помогите деп айқайлап жатыр екен, көршілер жиналып қалды. Екі баланы шығарып қойыпты. Көруге дәтім шыдамай, есікті қайтадан жаптым. Одан кейін жедел жәрдем шақырдық, жедел келе қоймады, желі бос болмады", — дейді Атырау қаласының тұрғыны Шынар Дүйсенғалиева.

Дәрігерлердің айтуынша, балалардың бірі жедел жәрдем жеткенше жан тапсырған. Екеуі де бастан қатты соққы алған, омыртқалары және мойын омыртқалары сыныпты. Бұл үйлердегі жеделсатыларға алматылық "Каспий лифт" мекемесі жауапты. Бірақ олардың өкілдерін немесе кеңсесін Атыраудан табу әзірге мүмкін болмады. Дегенмен, әкімдіктегілер оларды жедел шақыртып жатырмыз дейді.

Жансақтау бөлімі - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Балқашта бесінші қабаттан құлаған қызды дәрігерлер аман алып қалды

"Жалпы, 19 үйдің әрқайсысы "Каспий лифт" мекемесімен келісімшартқа отырған. Хабарласып, сөйлесіп жатырмыз, қазір сағат 4-те жиналыс", — деп түсіндірді Атырау қалалық әкімдігінің бөлім басшысы Талғар Хабибуллин.

Құқық қорғау органдары да әзірге толыққанды ресми ақпарат таратпай отыр. Дегенмен, телефон арқылы тілдескенімізде олар кімді қандай бап бойынша жауапқа тарту жағын ақылдасып жатқандарын айтты.


Жаңалықтар
0