Өңірлер

Шығыс Қазақстанда малшыға найзағай түсті

© SputnikНайзағай. Архивтегі фото
Найзағай. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір зардап шеккен малшы аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр

АСТАНА, 27 мамыр — Sputnik. Шығыс Қазақстанда найзағай түскен малшы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды altaynews.kz. 

Найзағай - Sputnik Қазақстан
Әлем
Ағаш түбінде пикник жасаған оқушыларға найзағай түсті

Оқиға кеше күндіз Бородулиха ауданындағы Зенковка ауылында болды. 48 жастағы ер адам мал жайып жүргенде ауа райы күрт бұзылған.

Жарқ еткен найзағайдан ер адамның сол жақ аяғы мен мойнына жай түсіп, күйіп қалды. Қазір зардап шеккен малшы аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.


Жаңалықтар
0