Өңірлер

Ауа райы күрт өзгереді: синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуауа райы
ауа райы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
29-31 мамырға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА, 28 мамыр — Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

"Ақмола мен Павлодар облыстарына жексенбі күні жаңбыр және қар әкелген суық арктикалық фронттар республиканың шығысына, оңтүстік пен оңтүстік-шығысына қарай жылжуда. Осыған байланысты алдағы күндері жаңбыр сақталады, шығыста түнде жаңбыр жабысқақ қарға ұласуы мүмкін", — деп хабарлайды синоптиктер. 

Қазақстанның батысына ығысқан антициклон ықпалынан жауын-шашын қысқа мерзімге тоқтайды. Антициклонның орнына Орал аудандарынан суық фронттардың келесі жүйесі келеді.  

Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағында ауа райының күрт өзгеруі сақталады. Солтүстік облыстарда қайтадан жаңбырдың соңы жабысқақ қарға ұласып, үсік болуы мүмкін, ал оңтүстікте өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді.  


Жаңалықтар
0