Өңірлер

Қала әкімі мен мәслихат депутаттары қанша жалақы алады?

© Sputnik / Болат ШайхиновАқша
Ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Нұр Отан" партиясының "Өзіңнен баста" акциясы аясында Тараз қаласының лауазымды мемлекеттік қызметшілері мен мәслихат депутаттары жалақыларын жариялады

АСТАНА, 28 мамыр — Sputnik. Тараз қаласының әкімі, әкім орынбасарлары, қалалық әкімдікке қарасты бөлім басшылары, қалалық мәслихат хатшысы, мәслихат депутаттарының жалақылары белгілі болды, деп хабарлады turaninfo.kz. 

Теңге - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елімізде орташа жалақы 157 мың теңгеден асты

"Jambyl taraz" қалалық қоғамдық-саяси газетінің 2018 жылдың 25 мамырындағы №43 санында "Нұр Отан" партиясының "Өзіңнен баста" акциясы аясында Тараз қаласының әкімі, әкім орынбасарлары, қалалық әкімдікке қарасты бөлім басшылары, қалалық мәслихат хатшысы, мәслихат депутаттарының отбасылық жалақылары жарияланды. 

Тараз қаласының жаңа әкімі 476 580 жалақы алады екен, отбасылық кірісі 1 миллион 300 мыңға жуық. Мәслихат хатшысы, зейнеткер Батырбек Әбдірәсілұлының жалақысы 194 000 теңге, оған қоса 84 000 теңге зейнетақы түсіп тұрады. 

Қала әкімінің орынбасарлары Кенжебек Олжабай мен Жандос Өмірзақов қызметі үшін айына 203 000 және 199 000 теңге жалақы алады. 

Ал бөлім басшыларына келер болсақ, ең көп 192 000 теңге жалақыны тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бақытжан Жақсылықов, білім бөлімінің басшысы Мубарак Жинақбаева, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бақыт Тоқсанбаева алады, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім басшысы Гаухар Олжабаева мен дене шынықтыру бөлімінің басшысы Оксана Борисюкке олардан 2 мың теңге аз төленеді. 

Ең төменгі жалақы қаржы бөлімінің басшысы Жеңіс Пәрімбековке тиесілі. Көрсетілген 19 лауазымды мемлекеттік қызметшінің 11-інде жеке тұрғын үй немесе пәтер жоқ.

Теңге - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Колледждің екі қызметкері өздеріне 10 млн теңге жалақы "тағайындаған"

Қалалық мәслихат депутаттарының ішінде ең көп жалақыны "Жамбыл жүк тасымалы" бөлімшесінің директоры Берік Ақшалов алса (591 273 теңге), екінші орында 394 997 теңгемен Жамбыл облыстық наркологиялық диспансердің бас дәрігері Жақып Жексембиев тұр, үздік үштікті "Тараз су" МКК директоры Марат Смаилов 333 621 теңге жалақымен түйіндеген.

Ал ең төменгі жалақыны "Аю" балабақшасының директоры Бағдат Майлыбаева мен Серікбол Берікқожа алады екен, олардың көрсеткен жалақылары 90 мың теңгеге жуық.  

 


Жаңалықтар
0