08:24 09 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD409.98
  • EUR462.21
  • RUB5.75
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
180 0 0

Саудагерлер санитарлық нормалар мен өнімді сақтау талаптарын өрескел бұзған

АСТАНА, 31 мамыр — Sputnik. Оралдық қоғамдық денсаулық сақшылары деп дабыл қақты. Сауда орындарына жүргізілген кезектен тыс 17 тексерістің екеуінде балалардың сүйікті асының құрамынан қауіпті микробтар табылған, деп хабарлады 24.kz. 

Ауру қоздырғыштары жергілікті дәмханалардың бірінде арнайы құрылғыда дайындалып, ыдысқа құйылатын балмұздақтан шыққан. Сондай-ақ  балмұздақты тұтынушылардың көз алдында әзірлейтін көше нысандарының ешқайсында рұқсат құжаттары жоқ болып шықты. Саудагерлер санитарлық нормалар мен өнімді сақтау талаптарын өрескел бұзған. 

"Біз анықтаған өнімдер денсаулыққа аса қауіпті. Себебі құрамында түрлі микроағазалар, ішек таяқшалары, стафилококктар, басқа да бактериялар табылды. Өнімді сақтау температурасы сақталмаған. Біз қазір осы бойынша қаулы шығарып, аталған өнімдерді сатуға және дайындауға тыйым салдық. Іс материалдары сотқа жолданды", деп түсіндірді Қоғамдық денсаулық қорғау департаментінің бөлім басшысы Эльвира Төлеуова. 


Загрузка...

Басты тақырып