08:47 24 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD375.87
  • EUR406.24
  • RUB5.84
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
Қазақстандағы менингит індеті (17)
423 0 0

Жігіт ауруханаға өте ауыр хәлде түскен, дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады

АСТАНА, 5 маусым — Sputnik. Талдықорғанда медициналық колледждің он жеті жастағы студенті менингиттен қаза тапты, деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалыммұрат Жүкел.

Жас жігіт дүйсенбі 4 маусым күні Талдықорғанның жұқпалы аурулар емханасына түскен.

"Түскен кезде өте ауыр хәлде болатын. Бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Кешкі алты жарым кезінде көз жұмды", — деп хабарлады Жүкел.

Қазақстанда менингит ауруын жұқтырған алпыс науқас тіркелді. Бұдан бұрын хабарланғандай, дерт салдарынан он екі адам көз жұмған, олардың бесеуі – 14 жасқа толмаған балалар. Менингиттен қаза тапқандардың басым көпшілігі Алматыдан.

Қазақстанда менингитке қарсы екпені ақылы жасатуға болады: бағасы Алматыда 22 мың 500 теңгеден басталып, Астанада 28 мың теңгеге дейін жетеді.

Тақырып:
Қазақстандағы менингит індеті (17)
Кілт сөздер:
індет, менингококк жұқпасы, Талдықорған
Загрузка...

Басты тақырып