17:47 13 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.81
  • EUR429.01
  • RUB6.08
Портфель ұстаған шенеунік, архивтегі фото

Риддердегі жол апаты: Өскемен әкімі уақытша қызметінен кетуге мәжбүр болды

© REUTERS / YVES HERMAN
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
46 0 0

Қуат Тұмабаев тергеу аяқталғанша демалыста болады, оның міндетін уақытша қала әкімінің орынбасары Ольга Булавкина атқарады

ӨСКЕМЕН, 6 маусым — Sputnik. Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев сот процестері  аяқталғанша еңбек демалысына кететіні туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Алтайньюс.

"Құрметті өскемендіктер, жуықта болған жол-көлік оқиғасына байланысты көптеген материал жиналды. Мен жол апатына куә болдым, марқұмның туыстарына шын көңілмен қайғыра отырып көңіл айтамын. Осыған байланысты менің айналамда көптеген қаңқу сөздер тарай бастады. Мемлекеттік қызметте жүргендіктен менің іс-әрекеттерім ең алдымен қоғамдағы сенімді күшейтуге бағытталуы тиіс. Сол себептен мен тергеу жұмыстары  кезеңінде жалақым сақталмайтын еңбек демалысына кету туралы шешімге келдім", —деді Қуат Тұмабаев.

Енді Өскемен қаласы әкімінің міндетін уақытша оның орынбасары Ольга Булавкина атқарады.

Естеріңізге сала кетейік, 15 сәуір күні күні кешкі сағат 9 шамасында Риддер қаласында 1999 жылғы азаматты көлік қағып, ол жедел жәрдем келмей тұрып, оқиға орнында қаза тапқан болатын. Ал шетелдік автокөлік жүргізушісі Риддер қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев болып шыққан. Тексеру жұмыстары оның көлікті мас күйінде тізгіндегенін көрсеткен. Кейін оның жанында Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев болғаны анықталды. 
Загрузка...

Басты тақырып