Өңірлер

Қаскелеңдегі жұқпалы аурулар ауруханасы жабылуы мүмкін

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуЗертхана
Зертхана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов аурухананы аралап, қызметіне көңілі толмады

АЛМАТЫ, 6 маусым — Sputnik. Министр Елжан Біртанов премьер-министрден Қаскелең қаласы жұқпалы аурулар ауруханасын жабу мәселесін шешуді сұрамақ. Денсаулық сақтау министрлігі басшысы Алматы облысында орналасқан медициналық мекемеде болып, сәрсенбі күні таңертең аурухананы сынға алды.

Науқасты ауруханаға жатқызу - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Мекенжайы маңызды емес: менингитке шалдыққан науқасты бірден ауруханаға жатқызу керек

"Қаскелең қаласы жұқпалы аурулар ауруханасы туралы айтар болсам, жағдайы өте нашар. Сол себепті енді премьер-министрге есеп бермекпін – бұл мекемені жауып, оның қызметін Қаскелең қаласы орталық аудандық ауруханасына жүктеу мәселесін қарастыру керек. Аурухананың ғимараты жаңа, қасында басқа да құрылыстар бар", — деді министр Алматыдағы баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, шешім қабылданған жағдайда науқастар Қарасай орталық аудандық ауруханасына жіберіледі.

"Барлық науқас аудандарға бөлініп, сол жерде емделеді. Ауыр хәлдегі науқастарды жағдайына қарай Қаскелеңге немесе Талдықорғанға, немесе Алматыға жеткізетін болады", — деп түсіндірді Біртанов.

Денсаулық сақтау министрі Алматыға жұмыс сапарымен барды. Кеше ол қала мен облыс ауруханаларын аралап шығып, медициналық мекемелер қызметін сынға алған.

Қазақстанда жыл басынан бері менингиттен 13 адам қайтыс болды.

Жаңалықтар
0