05:45 15 Желтоқсан 2018
Тікелей эфир
  • USD371.31
  • EUR419.32
  • RUB5.59
Әжей

Оралда автобус зейнеткерді қағып, қашып кетті

© Sputnik / В. Леонов
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
93 0 0

Бұрын хабарланғандай, сексен жастағы әжей автобуста көз жұмған, бірақ сот-медициналық сараптама басқадай нәтиже берді

АСТАНА, 9 маусым — Sputnik. Орал полициясы автобус аялдамасында денесі табылған қарт әйелдің өлімінің себебін анықтады.

Алтыншы маусымда Орал жедел жәрдем қызметіне қарт әйелдің "автобуста" көз жұмғаны хабарланған. Қаза тапқан әжейдің денесі полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Сенбі күні ішкі істер министрлігі сексен жастағы зейнеткердің өлімі себептерін мәлімдеді. Қазақстан ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаевтың сөзіне сүйенсек, сот-медициналық сараптама анықтағандай, әйел адам автобус астына түсіп қаза тапқан екен.

Зейнеткерді қаққан автобус жүргізушісі анықталып, ұсталды. Тергеу жалғасып жатыр.

Кілт сөздер:
кісі қағып өлтіру, автобус, зейнеткер, Орал
Загрузка...

Басты тақырыптар