09:02 24 Маусым 2018
Тікелей эфир
  • USD340.27
  • EUR396.31
  • RUB5.39
Науқас

Атырауда сарбаз туберкулез менингитінен көз жұмды

CC0 / Engin_Akyurt
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
44 0 0

Сарбаз жарты жылдан астам туберкулезден емделіпті, алайда дерті меңдеп, хәлі нашарлап кеткен

АСТАНА, 9 маусым — Sputnik. Атырауда сарбаз туберкулез менингитінен көз жұмды, деп хабарлайды "Мой город". 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы атап өткендей, әскери борышын өтеп жүрген сарбаз менингококк менингитінен қайтыс болмаған, бұл дерек лабораториялық зерттеулер нәтижесінде белгілі болды.

Дәрігерлердің айтуынша, сарбаз Қазақстанның әр қалаларында емделген. Облыстық ауруханаға 5 мамырда ауыр хәлде түсіпті. Сараптама нәтижелері туберкулез диагнозын анықтаған.

"Науқасты облыстық туберкулезден емдейтін диспансерге жатқыздық, арнайы ем қабылдап жатқанымен, дерті меңдеп, хәлі күн сайын мүшкілдей түсті. Ақыры туберкулез менингитіне ұласқан. Әртүрлі қалаларда жарты жылдан астам ем алыпты", — деп мәлімет берді Атырау облысыденсаулық сақтау басқармасы.

Туберкулездің неге асқынып кеткенін қызметтік тексеру анықтайды.

Кілт сөздер:
менингит індеті, туберкулез, сарбаз, Атырау

Басты тақырыптар