02:37 21 Тамыз 2018
Тікелей эфир
  • USD360.71
  • EUR411.53
  • RUB5.38
Қазақстан халқының бірлігі күні, архивтегі сурет

ОҚО-да жаңадан құрылған Келес ауданында 135 мыңнан аса халық тұрады

© Sputnik / Болат Шайхинов
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
113 0 0

Келес ауданының аумағы 345 127 гектарды құраса, халқының саны – 135 819. Ауданда 12 ауылдық округ пен 83 елді мекен қарамағында болады

АСТАНА, 10 маусым — Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Елбасы жарлығымен өңірде жаңа аудандардың құрылуына байланысты Сарыағаш ауданына барды, деп хабарлады Otyrar.kz Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тарихи жиында алғашқы болып сөз алған аймақ басшысы Жансейіт Қансейітұлы ауданның бөлінудегі маңызына тоқталып, жергілікті жұртқа құттықтауын жеткізді.

"Бүгін біз өздеріңізбен аса бір үлкен тарихи оқиғаның куәгері болып отырмыз. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халық тілегін орындап, еліміздегі ең үлкен ауданды екіге бөліп берді. Кезінде Келес ауданының даңқы мақта өндіру саласындағы жетістіктерімен бүкіл кеңестер одағына дүрілдеп танылды. Осы салада бұл өңірден көптеген Социалистік Еңбек Ері шықты. Бұл аудан Өзбекстанның 5 ауданымен шекараласады. Халқының саны 350 мыңнан асты, яғни кейбір солтүстік облыстардың халқының санына шамалап қалды. Елбасымыздың үлкен стратегиялық маңызы бар шешімімен қайта қалпына келтіріліп жатқан Келес деп аталатын аудан барлығымызға құтты болсын", — деді облыс әкімі.

Айта кететіні, енді жаңа құрылым бойынша Сарыағаш ауданының аумағы — 417074 гектар, халқының саны 191 096 адам болады. Құрамында 14 ауылдық округ пен 71 елді мекен болмақ. Орталығы — Сарыағаш қаласы. Ал Келес ауданының аумағы 345 127 гектарды құраса, халқының саны – 135 819. Ауданда 12 ауылдық округ пен 83 елді мекен қарамағында болады. Орталығы – Абай ауылы.

Сондай-ақ, салтанатты шарада аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев аудан үшін тер төгіп, еңбек еткен азаматтарды "Облысқа сіңірген еңбегі үшін" медалімен, облыс әкімінің грамотасымен және алғыс хатымен марапаттады.

Айтулы тарихи күнде отандық эстрада жұлдыздарының концерті ұйымдастырып, жергілікті жұртқа мерекелік тарту жасалды.


Басты тақырыптар