19:43 15 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD419.02
  • EUR494.02
  • RUB5.71
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
44 0 0

Бала биік жардан өзенге құлап кеткен, сүңгуірлер мен жергілікті тұрғындар оның денесін іздеп жатыр

ПЕТРОПАВЛ, 11 маусым — Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында өзенге құлап, батып кеткен ер баланың денесін іздеп жатыр.

Қайғылы оқиға 9 маусымда Қызылжар ауданы Новоникольск ауылында болған. Жеті жасар Данил Захаревич пен тағы бір бала Есіл өзеніне балық аулауға барады. Көпір маңында Данил биік жардан өзенге құлап, қатты ағыс Петропавл қаласына қарай алып кетеді.

Облыстық ТЖ департаменті баспасөз хатшысы Евгений Журавлевтің айтуынша, баланың денесі әлі іздестіріліп жатыр.

"Оқиға орнында құтқарушылар мен сүңгуірлер жұмыс істеуде. Өзеннің аңғары тексеріліп жатыр", — дейді Журавлев.

Полициямен бірге іздеу шараларына жергілікті халық та кірісіпті. Еріктілер жағалау маңын шолып жүр.

Кілт сөздер:
жеті жасар бала, суға кету, Солтүстік Қазақстан облысы
Загрузка...

Басты тақырып