14:15 23 Қыркүйек 2018
Тікелей эфир
  • USD352.54
  • EUR415.15
  • RUB5.31
Нәресте

Шымкентте көшеден жаңа туған сәбидің денесі табылды

© AFP 2018 / Dimitar Dilkoff
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
379 0 0

Оқиға орнында қан іздері болған, нәресте туа салысымен шетінеген болуы мүмкін

ШЫМКЕНТ, 12 маусым — Sputnik. Шымкент қаласы Абай ауданының тұрғындары көшеден жаңа туған сәбидің денесін тауып алды.

Ақ дәкеге оралған нәрестенің денесін жеке үйдің дуалы жанынан таңертең намазға бара жатқан тұрғындар тапқан, деп хабарлайды TVK.

Басылымның мәліметінше, шақалақты анасы сол маңда дүниеге әкелген. Бірнеше метр жерде қан іздері байқалады.

Баланың денесін қарап шыққан полицейлер бас жарақатын алғанын анықтады. Босанған кезде сәбидің басына зақым келсе керек.

Тәртіп сақшылары көршілерден жауап алды.

Кілт сөздер:
жаңа туған сәби, Шымкент
Загрузка...

Басты тақырыптар