02:37 21 Тамыз 2018
Тікелей эфир
  • USD360.71
  • EUR411.53
  • RUB5.38
Жедел жәрдем

Алматыда жедел жәрдемге жол бермей қойған жүргізуші әйел жазаланды

© Sputnik / Наталья Селиверстова
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
151 0 0

Жедел жәрдемге жол бермеген әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды

АЛМАТЫ, 14 маусым — Sputnik. Интернет ресурстарды бақылау барысында табылған видеоматериалда Nissan көлігі жедел жәрдемге жол бермей қойған, деп хабарлайды Алматы қаласы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Видеоны көргеннен соң тәртіп сақшылары тексеру жүргізіп, жүргізушінің кім екенін анықтады.

"1973 жылы туған К. есімді азаматша. Қабылданған шаралар бойынша, қосулы сигналмен келе жатқан жедел қызмет көлігіне жол бермегені үшін әйел адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды", — деп мәлімет берді жергілікті полиция қызметі басшысы Жасұлан Байкенов.

ІІД хабарлағандай, әйел адамға 10 АЕК, яғни 24 мың 50 теңге айыппұл салынған.

Видеода жедел жәрдемнің жол беруді сұрағанын жүргізушінің елемей қойғаны анық көрінеді.

Кілт сөздер:
жүргізуші әйел, жедел жәрдем, Алматы

Басты тақырыптар