09:04 24 Маусым 2018
Тікелей эфир
  • USD340.27
  • EUR396.31
  • RUB5.39
Хакер

19 жастағы алматылықтың өнертабысына Microsoft пен НАСА қызығушылық танытты

© Sputnik / Алексей Мальгавко
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
72 0 0

Ел тарихындағы ең жас өнертапқыш Тимур Рыспековтың роботы күзет жүйесінің міндетін атқара алады

 АСТАНА, 15 маусым — Sputnik. Алматылық өнертапқыштың инновациялық жұмыстарына Майкрософт және НАСА агенттігі қызығушылық танытып отыр. 

"100 жаңа есім" жобасының жеңімпазы 19 жастағы Тимур Рыспеков америкалық алпауыт компанияларға арнап, түрлі компьютерлік бағдарламаны әзірлеуді бастап кеткен.  

Еліміз тарихындағы ең жас өнертапқыш Тимур Рыспековтың роботы күзет жүйесінің міндетін атқара алады. Онда орнатылған камераның мүмкіндігі жоғары. Дарын иесінің құлтеміріне тек отандық ғалымдар ғана емес, шетелдік сарапшылардың қызығушылығы жоғары. Оның тағы бір жұмысы қоршаған ортаны талдауға арналған. Бұл робот тұтастай бір метеорологиялық стансаның қызметін жасайды. Оның туындылары тек отандық ғалымдар ғана емес шетелдік сарапшылардың ерекше қызығушылығын тудырған.

"АҚШ-тың NASA агенттігінің жүйесіне арнап түрлі талдаулар жүргіземін. Өзімнің өзге де жобаларымды NASA spay challenge-де ұсындым. Одан бөлек, халықаралық тау-кен рудасы компаниясына арнап түрлі қосымша дайындап жатырмын. Одан бөлек, ата-аналарға балаларының компьютеріне бақылауы үшін канадалық білім бағдарламасына арнайы қосымша әзірлеудемін", — деді "Алматы" телеарнасына берген сұхбатында Тимур Рыспеков.

Тимур мектеп қабырғасында оқып жүріп, 50-ге жуық жоба ойлап тапқан. Соның ішінде 28-іне патент алған. Ол бала кезінен есепке жүйрік, математиканы жақсы игерген. Ерекше қарым-қабілетімен қаршадайынан көзге түскен жігіт информатика мен физика пәндерін де жетік меңгереді. Ал қазір Майкрофот компаниясының тапсырысымен арнайы бағдарлама жасап жатыр.

"Бұл жоба сурет және видео файлдарының презентациясына арналған. Absolut Viewer бағдарламасы жадты үнемдеп, көп ақпаратты сақтауға мүмкіндік береді. Қазір бірнеше адам бірлесіп істейміз. Тобымда жалпы 3 адам бар", — деді өнертапқыш.  

Тағы бір өнертабыстың авторы – химик Диас Тастанбеков. Ол жобасы ауыл шаруашылығы саласында өсімдікті топырақсыз өсіруді қолға алған. Олардың тамырына барлық қажетті нәрлі заттары бар сұйықтық шашылып тұрады. Әдетте топырақта өскен өсімдікке түрлі зиянкестер әсерін тигізбейді. Тың әдіс арқылы жоғары сапалы өнімді алуға болады. Оған қоса, барлығы автоматтандырылғандықтан, қосымша жұмыс күшінің де қажеті жоқ.

"Біздегі аэропоникалық 30 қондырғы 150 шаршы метр жерді алады. Бірақ осының бәріне бір-ақ адам қажет. Қалғанының барлығын интернет арқылы, компьютер арқылы істеуге болады. Басты мақсатымыз – күнде тұрақты 30 келі өнім алу. Сол мақсатқа жеткеннен кейін нарыққа толығымен шыға береміз. Қазір бізде өнім бар. Бірақ оны сатпауға тырысамыз",-деді химик Диас Тастанбеков.


Басты тақырыптар