Өңірлер

Екі облыста дабылды ескерту жарияланды

© Sputnik / Алексей Даничев / Медиабанкке өтуБұршақ
Бұршақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында күн күркірейді, бұршақ жауып, дауыл соғуы мүмкін

АСТАНА, 18 маусым — Sputnik. Қазгидромет еліміздің екі облысында дабылды ескерту жариялады.

Найзағай, жаңбыр, жел - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада дабылды ескерту жарияланды

Шығыс Қазақстан облысында 19 маусымда кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады – жылдамдығы 17-22 м/с, күндіз ұйытқуы 23-28 м/с.

19 маусымда күндіз Өскеменде жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 17-22 м/с.

Қостанай облысында 19 маусымда кей жерлерде күн күркірейді, бұршақ түсуі мүмкін, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Дауыл соғу ықтималдығы 90-95%.

Жаңалықтар
0