Өңірлер

Каспий теңізінде балықшылар мінген қайықты жел ұшырып әкетті

© Sputnik / Ксения ВоронинаКаспий теңізі
Каспий теңізі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құтқарушылар балықшыларды жағалаудан бес шақырымдай жерде тапты

АСТАНА, 18 маусым — Sputnik. Каспий теңізінде жағалаудан алыстап кеткен екі балықшы құтқарылды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы ТЖ жөніндегі департамент баспасөз қызметі.

Балықшылар - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ақмола облысындағы көлде балықшы жоғалды

"Оқиға 2018 жылдың 17 маусымында Каспий теңізінің жағалауында болған. Резина қайыққа мінген екі адам жағалаудан төрт-бес шақырымдай алыстап кетіп, өз беттерімен қайта алмаған. Қатты соққан жел қайықты ұшырып әкетіп, ашық теңізге шығарып жіберіпті", — деп хабарлайды ТЖ қызметі.

Құтқарушылар балықшыларды жағаға алып шығып, Ақтау қаласына жеткізіп салды.

Жаңалықтар
0