08:12 19 Қыркүйек 2019
Тікелей эфир
  • USD386.77
  • EUR427.26
  • RUB6.00
Кіреберіс, архивтегі фото

Ол ештеңе айта алмай, жылай берді – педофил шабуылдаған баланың әжесі

© Sputnik / Александр Уткин
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
915 0 0

Балаға шабуылдаған ер адамның қайдан келгенін ешкім білмейді. Әжесінің айтуынша, бала қатты айқайлаған, оны көршілер естіп қалған

АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Шымкентте үйдің кіреберісінде шабуылға ұшыраған баланың әжесі оқиғаның қалай болғанын айтып берді, деп хабарлады TVK. 

Ер адам кіреберісте балаға тап бергені жайлы видео әлеуметтік желілерде таралған болатын.

"Мен жұмыста болдым, бала аулада ойнап жүрген. Тұңғыш ұлым қоңырау шалып, баланы біреу ұрып кеткенін айтты. Үйге жүгіріп келсем, аулада көршілер жиналып қалған екен. Біз полиция шақырдық. Олар баладан не болғанын сұрағанда, ештеңе айта алмады, әрбір сөзден кейін жылай берді", — дейді зардап шегушінің әжесі.

Балаға шабуылдаған ер адамның қайдан келгенін ешкім білмейді. Әжесінің айтуынша, баланы үйдің кіреберісіне қарай сүйреген. Бала қарсылық көрсеткен соң, басқа кіреберіске кіргізіп алыпты. Бала қатты айқайлаған, оны көршілер естіп қалған.

"Аулада осы үйде тұратын екі әйел отырған. Баланы ертіп кірген ер адамнан олар күдіктеніп қалып, соңынан барған. Көмектескені үшін оларға рахмет айтамын", — дейді зардап шегушінің әжесі. 

Павлодарда тағы бір педофил сотталды>>

 Оқиға 1 шілде күні болған. 

"Аталған факті сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді. Полицейлер барлық қажетті іздеу шараларын жүргізді. Нәтижесінде дәл сол күні күдіктіні ізін суытпай ұстады. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында", — деп мәлімдеді ІІД баспасөз қызметі. 

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.  


Загрузка...

Басты тақырып