Өңірлер

Оқушы қыз өзін зорлаған азғыннан жүкті болып қалды

CC0 / pixabay.com / Жүкті қыз
Жүкті қыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сот ер адамды ұзақ жылға бас бостандығынан айырды

ҚОСТАНАЙ, 5 шілде — Sputnik. Қостанай облысының қылмыстық істер бойынша сотында Қарабалық ауданы тұрғынына қатысты процес аяқталды, оған жергілікті мектептің тоғызыншы сынып оқушысын зорлады деген айып тағылған.

Қыз бала - Sputnik Қазақстан
Әкесі 13 жасар қызын екінші рет зорламақ болған ер адамнан құтқарды

Куәгерлердің айтуынша, мектеп оқушысының зорланғаны туралы оның жүкті екені білінгенде белгілі болған.

Баланың әкесі кім екенін анықтау барысында жасөспірім қыз өзін көршісінің зорлағанын мойындады.  

Қыздың анасы арыз беріп, күдікті ұсталған.

Бастапқыда ер адам бәрін жоққа шығарғанымен, азаматтық некедегі әйелі ДНҚ сынағын жасатуды талап етіп, нәтижесінде баланың әкесі ұсталған азамат екені дәлелденді.

Ол қызынан да кіші қызды жүкті қылғанын естігенде еңіреп жылады — педагог

Сотқа дейінгі тергеу амалдары көрсеткендей, қызды зорлағаннан кейін де ер адам бірнеше рет бойжеткенмен кездесіпті.

Қылмыстық жауапкершіліктен қашқақтаған азғын бойжеткенге үйленгісі келетінін де алға тартқан. Алайда сот оны айыпты деп танып, он бір жарым жылға бас бостандығынан айырды.

Күзетші көлігіне жылынып алуға отырған 12 жасар қызды зорлап тастады

Жаңалықтар
0