Өңірлер

Түркістан облысында көлікте үш жасар бала өртеніп кетті

© Sputnik / Анатолий УстиненкоЖанған көлік
Жанған көлік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сарыағаш ауданында төрт үй өртенген, аулалардың біріндегі көліктен баланың денесі табылды

АСТАНА, 6 шілде — Sputnik. Түркістан облысында алтыншы шілдеде қайғылы оқиға болды. Көлікте үш жасар сәби өртеніп кеткен.

"13.23-те Сарыағаш ауданы Жемісті ауылы Әуезов көшесінде төрт үй өртенгені туралы хабар түсті. Бір үйдің ауласында "ВАЗ-2106" көлігнен өрт шыққан, көліктен 2015 жылы туған баланың денесі табылды. Өлімінің мән-жайы анықталып жатыр", — деп хабарлады өңірдің төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті.

Үш үйдің өртену аумағы 436 шаршы метрді құрайды, төртінші үйдің шатыры жанып, аумағы 96 шаршы метр болды. Өрт 14.43 кезінде ауыздықталып, 16.03-те толығымен сөндірілді.

Жаңалықтар
0