02:06 22 Қыркүйек 2018
Тікелей эфир
  • USD352.54
  • EUR415.15
  • RUB5.31
Әйел

Маңғыстауда интернат директоры қызметкерлердің ыдыс-аяғын шағып, шу шығарған

© AFP 2018 / MARIA ANTONOVA
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
84 0 0

Әйел адам қол астындағы қызметкерлерден жеке заттарын балаларға арналған бөлмеде сақтамауын сұраған, алайда оған ешкім құлақ аспапты

АСТАНА, 11 шілде — Sputnik. Маңғыстауда қол астындағы қызметкерлердің ыдыс-аяғын шаққан психоневрологиялық интернат үйінің директоры қызметінен қуылған жоқ.

Желіде таралған роликтің "бас кейіпкері" уақытша жұмыстан шеттетіліп, кейін қайта оралды.

Бір ай бұрын директордың бұл қылығы Қазнет жұртын дүрліктірген болатын. Желіде жарияланған видеода әйел адам қол астындағы қызметкерлердің ыдысын қиратып, тамақты жерге төгіп, куәгерлердің айтуынша, күтушіні ұрып жіберген.

Алайда бейнежазбада директордың неге сонша ашуға булыққаны белгісіз еді. Кейінірек анықталғандай, оған қызметкерлердің өзіне бағынбауы ұнамаған көрінеді: интернат басшысы қол астындағылардан тәрбиеленушілерге арналған бөлмеде жеке заттарын сақтап, тамақтанбауды сұрапты, бірақ бұл талапты ешкім орындамаған екен.

Директор заттарды жерге лақтырған, өйткені әлеуметтік мекемеде санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен санитарлық-гигиеналық режимнің сақталуына сол жауапты, деп жазады Sputnik "Лада" басылымына сілтеме жасап.

Талғардағы сот залында интернатта болған сұмдық оқиға экранда көрсетілді

Бұл оқиғаның ақ-қарасын арнайы құрылған жұмыс комиссиясы анықтады. Оның құрамына өңір әкімінің кеңесшісі, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаменті мен медициналық мекемелер қызметкерлері кірген.

Белгілі болғандай, директор мен күтуші арасында видеодағы жанжалдан бұрын да кикілжің болған көрінеді. Әйелдер түнде телефон арқылы ұрысып, кейін директор мәселенің "басын ашу" үшін интернатқа барған.

Басқарма директор өз міндетін дұрыс орындай алмады деп санайды: ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуал мәз емес.

Енді әйел бұл мәселені жөнге салуы тиіс. Алты ай ішінде тағы жанжал шықса, директор жұмыстан қуылады.

Интернатта санитарлық-гигиеналық режимді сақтамаған күтуші де жазаланбапты.

Талғарда мүгедек баланы азаптап өлтірген келіншекке үкім шықты

Қаскелеңде оқушының әкесі жартылай жалаңаш ұстаз бен ұлының үстінен түскен

Тақырып бойынша

Интернатта баланың соққыға жығылуы туралы оқиғаның мән-жайы белгілі болды
Әкімдікте жанжал шығарған Сәтпаев қаласының белсенділері жазаланды
Кілт сөздер:
жаза, жанжал, интернат, Маңғыстау облысы
Загрузка...

Басты тақырыптар