01:04 16 Шілде 2018
Тікелей эфир
  • USD343.45
  • EUR399.57
  • RUB5.52
Су

Екі қыз үшін жанын қиған қостанайлықтың әйелі оқиға қалай болғанын айтты

© Foto: СС0 / Public Domain Pictires
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
910 0 0

Құтқарылған қыздар ер адамды жерлеу рәсіміне келген, алайда неге алысқа жүзгенін Анжелика сұрамаған

АСТАНА, 11 шілде — Sputnik. Қостанай облысында суға батып бара жатқан екі қызды құтқарып, өзі көз жұмған ер адамның әйелі оқиғаның қалай болғанын айтып берді.   

"Костанайские Новости" тілшісі марқұм жер қойнына тапсырылған күннің ертесіне оның зайыбы Анжелика Капарчукпен тілдесіп қайтты. Ол екі ұлмен жесір қалды. Үлкені он үш, кішісі үш жаста. 

"Сол күні Саша демалыс алды, – деп түсіндірді Анжелика. – Көптен бері демалмағандықтан, "енді қашан отбасыммен бірге боламын?" деді. Ұлымыз да өзенге барғысы келетінін айтты. Біз тоғанда демалуға шешім қабылдадық", — дейді ол.  

Ешкім бұлай болады деп ойламаған, онда демалушылар көп болған. Бір кезде әйелдің көмектесіңдер деген жан дауысы шығады. Жұрт 13 жастағы және 26-30 жас шамасындағы екі қыз суға батып жатқанын көрген. Александр бұл кезде үш жасар ұлын ұстап отырған екен. Ол ойланбастан баланы  Анжеликаға беріп, өзі көмекке ұмтылған. Ол өте жақсы жүзетін болған.

"Ол жерде ер адамдар көп болды. Алайда менің күйеуім ғана сүңгіп кетті. Кейін белгілі болғандай, кейбіреулері тіпті видеоға түсіріп тұрыпты. Қыздар шынында да өте ұзаққа жүзіп кеткен екен. Ол судың астынан қыздарды жағаға қарай алып шықты. Ал өзі батып кетті", — дейді Анжелика Капарчук.

Алматыда суға кеткен жігіттің достары құтқарудың орнына қашып кеткен

Отбасы Александр басқа жағадан шығады деп үміттенген. Осы кезде әлдекімдер құтқарушыларды шақырған. Үлкен ұлы суға сүңгіп, әкесін іздей бастаған. Бір кезде құтқарушылар біреудің денесін алып шығады. Өкінішке қарай, бұл  Александрдың денесі болып шыққан.   

Құтқарылған қыздар ер адамды жерлеу рәсіміне келген. Олар неге алысқа жүзгенін Анжелика сұрамапты. Өйткені күйеуін енді қайтара алмайды, тіпті ол батыр болса да.

Аралда бір жасар қыз кәстрөлдегі суға тұншығып өлді  

Кілт сөздер:
трагедия, суға кету, Қостанай облысы

Басты тақырыптар