22:42 22 Қыркүйек 2018
Тікелей эфир
  • USD352.54
  • EUR415.15
  • RUB5.31
Адамның қолы

Түркістан облысында жасөспірім ақша үшін құрдасына оқ атты

© Sputnik / Табылды Кадырбеков
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
107 0 0

Бозбала алған жарақатынан ажал құшты. Полиция оқиғаны тергеп жатыр

ТҮРКІСТАН, 12 шілде — Sputnik. Мақтаарал ауданының елді мекендерінің бірінде 7 шілде күні кешкісін жасөспірім оқ жарақатынан қаза тапты. Бастапқы мәлімет бойынша, бозбалалар арасында ақша үшін жанжал туындаған.

Полиция хаттамасында "бұзақылық мақсатта" кісі өлтірді деп жазылғанымен, тергеушілер оқиғаның себептерін анықтауы тиіс. Расталмаған деректер бойынша, екі жасөспірім ақша үшін араздасқан. Бірі екіншісіне бауырының алған қарызын қайтарығысы келмеген көрінеді, деп хабарлайды Sputnik otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция хабарлағандай, бозбалалар арасындағы жанжал салдарынан бірі шолақ мылтықпен екіншісін аяғынан атқан. Зардап шегуші күре тамырынан жарақат алып, дәрігерлер тез келіп жеткеніне қарамастан, оны құтқару мүмкін болмады. Жасөспірім көп қан жоғалтып, сол күні ауруханада жан тапсырды.

Қазір Мақтаарал АІІБ "Кісі өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап кетті. Сот шешімімен күдікті екі айға қамауға алынған.

"Қызымның жан дауысы шықты". Түркістанда болған оқиға жұрттың үрейін ұшырды

Назарбаев Түркістан облысының әкімі Түймебаевқа қандай хат жазды?

Тақырып бойынша

АҚШ-та белгілі рэперді атып өлтірді
Оралда күйеу баласы енесін атып өлтірді
Шығыс Қазақстанда полицей ауыл тұрғынын атып өлтірді
Кілт сөздер:
жанжал, қылмыс, кісі өлтіру, жасөспірім, Түркістан облысы
Загрузка...

Басты тақырыптар