Өңірлер

Ақтөбеде адамның бассыз денесі табылды

© Sputnik / Александр Мальгавко / Медиабанкке өтуАқтөбеде басы жоқ адамның денесі табылды
Ақтөбеде басы жоқ адамның денесі табылды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәйіттің қасынан киімдермен қатар 10 мың теңге табылған

АҚТӨБЕ, 13 шілде – Sputnik. Ақтөбеде саяжайға қарақат теруге барған 53 жастағы әйел басы жоқ адамның мәйітін тауып алды. 

6 шілде күні түсте 53 жастағы әйел "Учитель" бау-бақша ұжымына қарақат теріп алуға келген. Алайда адам шошырлық көріністен саяжай тұрғынының жүрегі тоқтап қала жаздады. Әйел бұта арасынан басы жоқ адамның денесін тауып алған. Ақтөбелік бірден полицияға хабар береді.

Тағы оқыңыз: Атырауда қоқыс жәшігінен 40-қа жуық кесілген бас табылды   

"Ақтөбе Таймс" басылымының ақпаратынша, оқиға орнына полицейлер мен прокуратура қызметкерлері келген. Олар мәйіттің жанынан қысқа күртке, қызыл спорттық костюм, тоқылған бас киім, шұлық пен 10 мың теңге тапқан.  

"Қаза тапқан адамның кім екені және қашаннан бері ол жерде жатқаны әлі анықталған жоқ. Сараптама жүргізіліп жатыр. Қалған ақпаратты хабарлай алмаймыз", — деп мәлімдеді облыстық ІІД баспасөз қызметі. 

ІІД мәйіттің басы болмағанын жоққа шығармады.

Астанада әйел сүйіктісінің жыныс мүшесін кесіп тастады

ОҚО тұрғыны қызғаныштан жантүршігерлік қылмысқа барды

Жаңалықтар
0