03:44 24 Қыркүйек 2018
Тікелей эфир
  • USD352.54
  • EUR415.15
  • RUB5.31
бала

Жаңаөзенде баласын балконға шығарып ұрған келіншек өз әрекетін түсіндірді

CC0
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
74101

Төрт жасар баланы отбасы бір жыл бұрын асырап алған екен

АСТАНА, 14 шілде — Sputnik. Жаңаөзенде баласын балконға шығарып ұрған келіншекке қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Таяқ жеген бүлдіршінді бұл отбасы небәрі бір жыл бұрын асырап алған екен. Енді бұл әрекеті үшін ол күйеуі екеуі ата-аналық құқынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды КТК.

Ал 4 жасар баланы аяқ-қолынан таяқпен ұрған келіншектің өзі жергілікті мектептердің бірінде мұғалім боп шықты. Айтуынша, ұлы айтқанын тыңдамай, қайта-қайта балконға шыға берген екен. Оны құлап кетпесін деп келіншек таяқпен қорқытқан.

Ал көршілері оны камераға түсіріп, ушықтырып жібергенге ұқсайды. Дегенмен,, полиция қылмыстық іс қозғап отыр. Егер ананың қатігездігі дәлелденсе, бала жетімдер үйіне қайтарылады.

11 айлық сәбидің денесіне кімнің ине тыққаны белгілі болды

Астанада анасы көз жұмған сәби комаға түсті

Кілт сөздер:
мұғалім, бала, Жаңаөзен
Загрузка...

Басты тақырыптар