01:51 18 Маусым 2019
Тікелей эфир
  • USD383.43
  • EUR429.83
  • RUB5.96
Әлем кубогі

Футболдан чемпионат финалының есебін дәл тапқан Алматы тұрғыны 135 есе байып кетті

© Sputnik / Григорий Сысоев
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
3137 0 0

ӘЧ 2018 басталғанға дейін әйел адамның спортқа қызығушылығы болмапты. Бұл – өміріндегі алғашқы ұтысы

АЛМАТЫ, 16 шілде — Sputnik. Әлем чемпионатының жеңімпазын ғана емес, Франция-Хорватия матчының есебін де дәл тапқан Алматы тұрғыны аз ғана тіккен ақшасын (1000 теңге) еселеп, 135 мың теңге жеңіп алды.

Ресей азаматы Елена Рогожина Бішкектен Алматыға бірнеше жыл бұрын көшіп келген. Өмірін, айналасын өзгерткісі келіпті. Қалаға келген соң тұрмыстық техника мен электронды құрылғы сататын ірі компанияға жұмысқа тұрған екен.

Бұдан бұрын спортқа ешқандай әуестігі болмапты. Бірақ әріптесі букмекерлік кеңсенің түбіртегін көрсеткенде бәрі өзгереді. Германия – Оңтүстік Корея матчында 2:0 есебімен кәрістер жеңеді деп 2,5 мың теңге тіккен жігіт 300 мың теңге ұтысқа кенелген.

ӘЧ-2018 финалындағы үздік сәттердің видеосы

"Тіпті аздап ішім күйіп кетті", — дейді Елена Рогожина Sputnik тілшісіне. — "Мен не одан кеммін бе?" деп ойладым. Сөйтіп, букмекерлік кеңсеге келдік. Барлық мүмкін ұтысты қарап шықтым. Франция 6:0 есебімен жеңсе, мың теңгені жарты миллион қылып өсіріп алуға болатын еді. Бірақ, ештеңе білмесем де, мұндай жайттың болуы мүмкін емес екенін түсіндім. Франция 3:1 есебімен жеңетініне 1 мың теңге тіксем, бағым жанса, 23 мың теңге ұтар едім. Сондықтан, барлық болжамды қарап, 4:2 деген есепті таңдадым. Коэффициенті жақсы еді".

Елена қателеспепті. "Франция мені осылайша байытып жіберді", — дейді Елена олжаға кенелткен түбіртегін көрсетіп.

Букмекерлік кеңсе түбіртегі
© Foto : Куәгер ұсынған
Букмекерлік кеңсе түбіртегі
Кілт сөздер:
ұтыс, футболдан әлем чемпионаты, Алматы
Загрузка...

Басты тақырып