Өңірлер

Футболдан чемпионат финалының есебін дәл тапқан Алматы тұрғыны 135 есе байып кетті

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуӘлем кубогі
Әлем кубогі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ӘЧ 2018 басталғанға дейін әйел адамның спортқа қызығушылығы болмапты. Бұл – өміріндегі алғашқы ұтысы

АЛМАТЫ, 16 шілде — Sputnik. Әлем чемпионатының жеңімпазын ғана емес, Франция-Хорватия матчының есебін де дәл тапқан Алматы тұрғыны аз ғана тіккен ақшасын (1000 теңге) еселеп, 135 мың теңге жеңіп алды.

Франция - Хорватия - Sputnik Қазақстан
Спорт
Франция - чемпион: ӘЧ 2018 финалында тағы бір рекорд жаңартылды

Ресей азаматы Елена Рогожина Бішкектен Алматыға бірнеше жыл бұрын көшіп келген. Өмірін, айналасын өзгерткісі келіпті. Қалаға келген соң тұрмыстық техника мен электронды құрылғы сататын ірі компанияға жұмысқа тұрған екен.

Бұдан бұрын спортқа ешқандай әуестігі болмапты. Бірақ әріптесі букмекерлік кеңсенің түбіртегін көрсеткенде бәрі өзгереді. Германия – Оңтүстік Корея матчында 2:0 есебімен кәрістер жеңеді деп 2,5 мың теңге тіккен жігіт 300 мың теңге ұтысқа кенелген.

ӘЧ-2018 финалындағы үздік сәттердің видеосы

"Тіпті аздап ішім күйіп кетті", — дейді Елена Рогожина Sputnik тілшісіне. — "Мен не одан кеммін бе?" деп ойладым. Сөйтіп, букмекерлік кеңсеге келдік. Барлық мүмкін ұтысты қарап шықтым. Франция 6:0 есебімен жеңсе, мың теңгені жарты миллион қылып өсіріп алуға болатын еді. Бірақ, ештеңе білмесем де, мұндай жайттың болуы мүмкін емес екенін түсіндім. Франция 3:1 есебімен жеңетініне 1 мың теңге тіксем, бағым жанса, 23 мың теңге ұтар едім. Сондықтан, барлық болжамды қарап, 4:2 деген есепті таңдадым. Коэффициенті жақсы еді".

Елена қателеспепті. "Франция мені осылайша байытып жіберді", — дейді Елена олжаға кенелткен түбіртегін көрсетіп.

© Photo : Куәгер ұсынғанБукмекерлік кеңсе түбіртегі
Букмекерлік кеңсе түбіртегі - Sputnik Қазақстан
Букмекерлік кеңсе түбіртегі
Жаңалықтар
0