15:02 26 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD414.13
  • EUR451.40
  • RUB5.80
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
230 0 0

"Ер-тоқымның пайда болуы" атты ағаштан жасалған нысан Панфилов көшесіне қойылған

АЛМАТЫ, 16 шілде — Sputnik. Алматыда Панфилов көшесінде алып Тиіннің мүсінінен кейін тағы бір арт-нысан пайда болды. "Ер-тоқымның пайда болуы" атты туындыда ағаш аттың үстіндегі қола тоқымға жамбас ізі салынған. Оның авторы – Ербосын Мелдібеков.

"Ер тоқымның пайда болуы" мүсіні — "Алматы – Жылы қала" атты байқауда жеңіске жеткен 16 жұмыстың бірі.

Ербосын Мелдібековтің сөзі биыл мамыр айында Art Energy Almaty ұйымының Facebook парақшасында конкурс өткеннен кейін жарияланған. Онда туынды ағаштан жасалған ат мүсіні деп сипатталады — "дөңгелегі бар балалар ойыншығы, "ыңғайлы тоқым" салынған".

Ер-тоқымның пайда болуы
© Sputnik / Тимур Батыршин
Ер-тоқымның пайда болуы

"Мен жасаған кекесінді нысан әйгілі заманауи суретші Рустам Хальфиннің ер-тоқымның пайда болуы туралы құрастырған туындысына арналады. Ата-бабаларымыздың өмірі дүниеге келген сәтінен бастап жылқы жануарымен тығыз байланысты болған. Нысанды Алматының қарағашынан ойып жасап, тоқымды қоладан құямыз. Мүсін балалар ойыншығын елестетеді – қола тоқым салынған ағаш ат", — дейді Мелдібеков жобасы жайында.

Ер-тоқымның пайда болуы
© Sputnik / Тимур Батыршин
Ер-тоқымның пайда болуы

Бұдан бұрын "Тиін" арт-нысаны қоғамның қызу талқысына түскен еді: 12 метрлік алып мүсінге 23 миллион теңге жұмсалған, оның 15 миллионы – мемлекеттік бюджеттен. "Тиін" "Атакент" іскерлік серіктестігі орталығы алдындағы алаңда тоғыз ай тұрады. Содан соң оны бұзу жоспарланған.

Алматыдағы алып тиін сатуға шығарылды

Funk агенттігі "Алматы – Жылы қала" байқауында жеңіске жеткен 16 туындының жалпы құны туралы мәлімдеді – жобаға барлығы 78 миллион теңге жұмсалады.

Кілт сөздер:
тиін, арт-нысан, өнер туындысы, мүсіндер, Алматы
Загрузка...

Басты тақырып