Өңірлер

Ауа райы болжамы: нөсер жаңбыр жауып, қатты жел соғады

© AFP 2024 / Sam Yehжаңбыр
жаңбыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
24-26 шілдеге арналған ауа райы болжамы

АСТАНА, 23 шілде – Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды. 

найзағай - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қазақстанның бірнеше облысында дабылды ескерту жарияланды

Жексенбі елдің солтүстігі мен солтүстік-шығысында нөсер жаңбыр тудырған циклон Батыс Сібірдің оңтүстігіне қарай ығыса бастады. Бірақ бұл циклонның әсері республиканың орталығы, оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен шығысында сезіледі. Оның ықпалынан Сібірден салқын және ылғалды ауа массалары ығысады. 

Сондықтан алдағы үш күнде Қазақстанның шығысында өткінші жаңбыр, шығыс пен солтүстік-шығыста кейбір жерлерде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін, қатты жел соғып, ауа температурасы төмендейді. 

Елдің батысы мен оңтүстік-батысында ыстықтың беті аз уақытқа қайтқан соң қайтадан Ираннан ыстық ауа массалары ығысады. Оның ықпалынан ауа температурасы  40…43 градусқа дейін көтеріледі. 

Жаңалықтар
0