Өңірлер

Астанада ертең дабылды ескерту жарияланды

© AFP 2024 / ALAIN JOCARDнайзағай
найзағай - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кейбір облыста найзағай ойнап, бұршақ түседі, басқа жерде жел соғып, шаңды дауыл болады

АСТАНА, 24 шілде — Sputnik. Астана қаласы мен бірнеше облыста ауа райына байланысты дабылды ескерту жарияланды, дер хабарлайды Sputnik.

Ертең Астана қаласында найзағай жарқылдап, бұршақ түсуі ықтимал. 

нөсер жаңбыр - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Фотодерек: Астанада нөсер жаңбыр мен бұршақ жауды

Ақмола облысында да кей жерде найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстік-батыс, солтүстіктен соққан желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді. Кей жерде тұман түседі деп болжанып отыр.

25-27 шілдеде Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан күші 15-20 м/с жел соғады, шаңды дауыл болады.

25-26 шілде жаңбыр жауып, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының таулы өзендерінде су деңгейі көтерілуі ықтимал.

Жаңалықтар
0