Өңірлер

Қарағандыда көпқабатты үйге жылан өрмелеп шыққан

Жазылу
Пәтер иесін қала орталығында жылан жүргені таңғалдырды

АСТАНА, 25 шілде — Sputnik. тұрғыны әлеуметтік желіде пәтерінен жылан шыққанын хабарлады.

Әйел Қарағанды қаласының орталығында тұрады екен, пәтерінен жылан табылғанына аң-таң болып отыр.

"Отбасыммен Н. Әбдіров көшесіндегі үйдің алтыншы қабатында тұрамыз. Бүгін таңертең әжем ас үйден жылан тауып алды, ол бірден пештің артына жорғалап кеткен. Аң-таң болғанымызды айтып жеткізе алмаймын! "112" нөміріне құтқару қызметіне хабарласып, болған жайтты айттым", — деп жазды әйел.

Оның айтуынша, келгенде жылан жоғалып кеткен. Олар кетіп қалған соң, ас үй шкафының астынан жылтырап көрінеді. Үй иелері құтқарушыларды күтпей, шкафты, пешті бері тартып, жыланды тауып алады.

"Төтенше жағдайлар жөніндегі қызметті шақырып, бұл жолы жыланды көзден таса қылмай отырдық. Олар тез келіп, ұстап алды! Жылан ысылдап, айбат шегіп, шабуылдауға тырысты", — дейді Қарағанды тұрғыны.

Қазір жыланның улы ма, жоқ па екені анықталып жатыр. Болжам бойынша, даланың улы сұр жыланы сияқты.

Жаңалықтар
0