15:08 13 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.81
  • EUR429.01
  • RUB6.08
Бойжеткен

ШҚО-да экс-депутатты зорлады деп айыптаған қыз сотталып кетті

© Sputnik / Табылды Кадырбеков
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
57910

Сот өзінің басшысына жалған айып таққан қызды кінәлі деп таныды

АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында экс-депутатты зорлады деп айыптаған қыздың үш жылға бас бостандығы шектелді, деп хабарлайды yk.kz.

Елена Иванова басшысы, бұрынғы депутат Ержан Сқақовты өзін зорлады деп айыптаған болатын. Алайда зорлық фактісі дәлелденген жоқ, Сқақов ақталып шықты. Осыдан кейін Еленаның өзіне және оған көмектескен Сқақовтың туысы Оразбек Қатпановқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Іс Шемонаиха аудандық сотында қаралды. Иванова мен Қатпанов кінәлі деп танылды. Қыз үш жылға бас бостандығы шектелсе, Қатпанов 3,5 жылға сотталды. 

Еске сала кетсек, қаңтар айында Өскеменде белгілі блогер Ренат Халиков жеті жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Сот үкімінде айтылғандай, ол Елена Иванованы зорлағаны туралы ақпаратты жария етпеу үшін Ержан Сқақовтан бірнеше рет ақша бопсалаған. Сол кезде Сқақов журналистерге Еленаның 16 жыл бойы туысқаны Оразбек Қатпановпен бірге тұрғанын мәлімдеген еді.

Тағы оқыңыз:

Тақырып бойынша

ОҚО-да баланы зорлады деп айыпталған бозбала ақталып шықты
Базар маңында 10 жасар қызды зорлаған күдікті анықталды
Оқушы қыз өзін зорлаған азғыннан жүкті болып қалды
Бурабайда қаскөйлер екі күн бойы жалдамалы пәтерде қыз зорлаған
Кілт сөздер:
соттау, экс-депутат, зорлау, Шығыс Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып