06:32 17 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD377.19
  • EUR408.99
  • RUB5.93
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
354 0 0

Операция кезінде қыздың асқазанынан бір буда шаш шыққан, көлемі – 35 те 13 сантиметр

АҚТАУ, 26 шілде — Sputnik. Маңғыстаулық дәрігерлер мектеп оқушысының асқазанынан салмағы үш килограмнан асатын бір буда шаш алды.

Sputnik Лада басылымына сілтеме жасап хабарлағандай, қыз баланың асқазаны түгел шашқа толып, тамақ жеуге орын қалмаған.

Операция кезінде оқушының асқазанынан салмағы 3 килограмм 560 грамм, көлемі 35 те 13 сантиметр бір буда шаш табылыпты.

Шаш асқазанды керіп, кіші жамбасқа түсіріп жіберген, ал "құйрығы" ащы ішекте болған. Операция сәтті аяқталып, дәрігерлер де оң болжамдар айтты. Қазір науқастың асқазаны керіліп кеткендіктен, тамаққа деген тәбеті өте жақсы.

Қыздың анасы айтқандай, көптеген жылдар бойы жасөспірім шашының ұштарын жеп жүрген екен. Соңғы бір-екі жылы баланың жүрегі айнып, бозарып, тым жүдеп кетеді, ал қарны дөңгеленіп, ұлғая береді. Тексеру барысында, қыздың ішінде шаш жиналып, үлкен шарға айналғаны анықталған.

Қыздың асқазанынан 3,5 келі шаш алынды
© Photo : Лада
Қыздың асқазанынан 3,5 келі шаш алынды

облыстық балалар ауруханасы хирургия бөлімінің басшысы Сұлтанбек Тұмашевтың айтуынша, балалар ұзақ жылдар бойы жұтқан шаш асқазанға жиналады. Салдарынан тамақ дұрыс қорытылмай, қан аздығы ауруына шалдығады.

Бұл хирургтің 33 жылдық тәжрибесіндегі екінші жайт. Алғаш рет мұндай операцияға 1987 жылы хирургтің көмекшісі ретінде қатысқан.

Тақырып бойынша

Алматыда хирургтер науқастың еш жерін тілмей қалқанша безін алып тастады
Атырауда дәрігерлер әйелге қате диагноз қойып, омырауын алып тастаған
Кілт сөздер:
хирургтер, операция, науқас, қыз бала, шаш, дәрігерлер, Ақтау, Маңғыстау облысы
Загрузка...

Басты тақырып