09:50 02 Сәуір 2020
Тікелей эфир
  • USD447.67
  • EUR491.36
  • RUB5.74
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
142 0 0

Алматыдан 109 километр қашықтықта екі жер сілкінісі болды, олардың жаңғырығы қала тұрғындарына сезілді

АСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Алматы тұрғындары бейсенбі күні кешке екі және үш балдық жер асты дүмпуін сезді. 

Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясының мәліметінше, 26 шілде күні сағат 23.29-да Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 109 километр қашықтықта жер сілкінді.  

Үш минуттан кейін екінші дүмпу болды. 5,7 магнитудалы жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан 111 километр қашықтықта орналасты. Зілзала ошағы 15 және 30 километр тереңдікте жатты.  

Қазақстандық сейсмологтардың мәліметіне сәйкес, жер сілкінісі "Алтынемел" ұлттық табиғи паркі аумағында Қапшағай өзенінің маңында болды.  

Ғимараттарға зақым келген жоқ.  

Алматыда жер асты дүмпуі соңғы рет 2018 жылдың 2 сәуірінде Қытайдағы жойқын жер сілкінісі кезінде сезілген болатын.  


Кілт сөздер:
жер сілкінісі, Қытай, Алматы
Загрузка...

Басты тақырып